ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Федоров ауданының әкімі Тауба  Исабаевтың қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын іске  асыру аясында ауданның  ағымдағы жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
WhatsApp Image 2019-11-28 at 12.20.15
Аудан әкімінің айтуы бойынша 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өнеркәсіп өнімдерінің ІРО 102,3% құраған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 млрд 881 млн теңгеге жетті. Облыстың жалпы өнеркәсіп өніміндегі ауданның үлес салмағы 0,2% құраса, барлық санаттардағы ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 33 млрд 26 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 93 млн. теңгеге жоғары болып отыр.
–Мал мен құстың барлық түрлерінен  ет өндіру көлемі (тірі салмақта) 4162,9 тонна немесе  2018 жылғы деңгейден 100,2%, және 33954,8 тонна сүт немесе 104,5% құрады. 2018 жылдың қазаннан бастап барлық санаттағы ІҚМ саны 4,2%-ға, жылқылар 7,2%-ға, қой-ешкілер 5%-ға, шошқалар – 1%-ға өсті. 2019 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек тауар айналымының көлемі 2 млрд 492 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 196 млн теңгеге артық. НКИ үлесі 101,1% құрады.Экономикалық өсуді анықтайтын негізгі мақсатты индикаторлардың бірі инвестицияларды тарту болып табылады.Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 107,2% құрады.Облыстың жалпы көлеміндегі аудандық инвестициялар үлесі 2,4% құрады. Ауданға 5 млрд 426 млн теңге көлемінде капитал құрайтын инвестициялар тартылды, бұл 2018 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 910 млн теңгеге артты, – деді Федоров ауданының әкімі Тауба Қайыржанұлы.
«Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында Федоров ауылдық округіндегі 2019 жылға арналған 17 нысанды ағымдағы және орта  жөндеу үшін жалпы сомасы 442 млн теңге қаражат бөлініп игерілді. Құрылыс кешенінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы ауданы 1 188 шаршы метр  пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 24 пәтерлік жалдамалы жалпы ауданы 1233,6 ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде.
–2019 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 414 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 296 млн теңгеге артты. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 111,8% құрады. Пешков ауылында су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, құрылыстың жалпы құны 1 млд 458 мың теңгені құрайды. Баннов,Чехов Успенов, Придорожное, Кенарал ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша мердігерді анықтау рәсімдері жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында  Копычен ауылындағы «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын шығаратын зауытқа су құбырын салуға мердігер ұйымды анықтау конкурсы аяқталуда.«Ленин және Первомай ауылында сумен жабдықтау және тарату желілері құрылғыларын салу» обьектісінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді аудан әкімі.
Шамамен 6 елді мекенде 3,5 мың тұрғын су тарату және тазарту пункттерін орнатуға арналған 23,9 млн.теңге сомада ЖСҚ әзірлеу  жүргізілуде.
2017 жылдың мамыр айында Федоров  ауылында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Жоба 4 жылға жоспарланған (2017 – 2020).  22.11.2019 ж. екінші кезеңнің газ құбыры іске қосылды. Қазіргі уақытта 223 техникалық сипаттама берілді, 108-і қосылатын болады.
Статистикаға сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа айлық  жалақы 117665 теңгені құрады, бұл 16462 теңге немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 16,3% -ға көп. Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары  бойынша 1052 адам жүгініп, 1035 адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, кездесуде «Алтын Жаз – 2004» ЖШС директоры Анатолий Сергеев өз кәсіпорындағы ауылшаруашылық дақылдарды өндірудің жаңа технологияларды енгізу туралы баяндап берді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓