Тіл сабақтары – тұнық бастау
Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәр-биелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.
Функционалдық сауатты-лықты дамытудың жалпы бағ-дары 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарла-масында айқын көрсетілген. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің әр Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше мән беріп отырады. Жалпы айтқанда, бұл бағытта көптеген шаралар іске асырылып жатыр (педагогтар-ды қайта даярлау және мектеп-терді компьютерлендіру, т.б.). Бұл игі шаралардың айтарлық-тай нәтижелері болары анық. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі – білімділік пен функционалдық сауаттылық ұғымдарының маз-мұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Қазіргі әлемдегі, еліміз-дегі өріс алып отырған түрлі ба-ғыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талап-тарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Кіші мектеп оқушыларына тіл сабақтарында – тілдік тұлғаның қоғамдық ортада сөйлесім әре-кетінің түрлерін (тыңдалым, ай-тылым, оқылым, жазылым, тіл-десім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндікте-рінің қалыптасқан жүйесін меңгерту.
Бастауыш сынып оқушыла-рының функционалдық сауат-тылығын қалыптастыруда диа-логты таңдауымыздың себебі, ол күнделікті өмірде қолданыла-тын ауызша сөйлеу тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың жағдаят-тылығы, алдында және артын-дағы айтылған жалпы ойға бай-ланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескерілді. Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығула-ры мен шартты сөйлеу жатты-ғулары ұсынылады. Мұнда күн-делікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынады. Оқу-шыларға дайын үлгілерді кезек-пен бірнеше мәрте оқытып, диа-логтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады. Диа-логтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диа-логтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір-бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдап оты-рып қайта сұрақ беру, келіспеу-шілік, толықтыру, тілдік мате-риал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.
Бастауыш сынып оқушыла-рының функционалдық сауат-тылықтарын қалыптастыруда қатысымдық әдіс сөйлеудің грамматикалық жағы мен лекси-калық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қаты-сым әдісі бойынша оқушы-ларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты прак-тикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескеріледі.
Өйткені кез-келген тақы-рыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері арқылы іске асады. Бұл ба-ғытта дайындалған тапсырма-лардың мәні оқушыларды ана тілінде қарым-қатынас үдерісі-не дайындау, сыныпта қарым-қатынас жасауға жағдай тудыру болып табылады. Қатысымдық әдіс ұсынылған тапсырмалар-дың бәріне ортақ, әсіресе жағ-даяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің функционалдық сауаттылықпен байланысы жағдаяттық, сұхбаттық тапсыр-малардағы тілдесімде ерекше басымдылыққа ие болады. Рөлдік ойын әдісінде кіші жастағы балалар қарым-қатынасқа тез түседі де, кез-кел-ген рөлді ынтамен орындайды. Рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пі-кірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан-жақ-ты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.
Функционалдық сауаттылық кіші жастағы оқушылардың тіл сабақтарында мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөз таптарын ажы-рату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыс-тыру-ды; өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыру-ды; алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; өз ана тілін жетік білуі және құрметтеуінен, шығар-машылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет.
Қорыта келгенде кіші жас-тағы оқушылардың тіл сабақ-тарында функционалдық сауат-тылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдаманы ұсынуға болады:
1.Оқушыларды бірінші са-бақтан бастап сөйлесім әреке-тінің түрлерін (айтылым, жазы-лым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білім-дерін өмірде, кез келген жағ-дайда, әлеуметтік ортада қол-дана алуға баулу
3.Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
4. Оқушыларды өзгермелі өмірге бейімделуге үйрету;
5. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы. Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәде-ниеті, тарихын түсіну және құр-меттеге баулу және де функцио-налдық сауаттылық арқылы кіші жастағы оқушылардың білімге деген қызығушылықтары оя-нып, рухани байлықтары ны-ғайып, шығармашыл тұлға қалыптасады.
Қанағат Ермекова,
№24 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.