402 адам індет жұқтырды
19 қаңтарда Қостанай облысында коронавирус 402 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 295, Рудный қ. – 37, Қостанай ауданы – 25, Арқалық қ. – 18, Б.Майлин ауданы – 5, Алтынсарин, Денисов және Қамысты аудандарында – 4, Амангелді ауданы – 3, Жітіқара қаласы және Әулиекөл ауданында – 2, Қарабалық, Мендықара және Федоров аудандарында – 1 адам
352 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 39 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 11 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 380 адамда ауру белгілері болды, 22 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы сәуір мен 2022 жылғы 19 қаңтар аралығында COVID-19-ды 43 070 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 41 522.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 350 190 адам, екінші компонентпен 332 314 адам вакциналанды.