Мұрагер Мүгіл

Мүгіл Тұрсынбек қызы Қалиева– "Сүйікті  Торғай, сүтіндей болған анамның" – деп, Ғафу ақын айтқандай сол Торғайдың тұнық суынан қанып ішіп, саф ауасымен тыныстаған, қазақ даңқын бүкіл дүниеге паш еткен дарын иелері әр кезеңде де үзілген емес.  Өткен ғасыр-дың 20-шы жылдарындағы өнер сахнасына шыққан олар туралы жұрт: "Әли, Нұрхан, Ахметхан қатар келе жатқанда іргелі елдей жарасымды көрі-ніп, оларды айтпай танитын жұрт сүйсініп, өнерлеріне қол соғып, сыйластықтарына таң-данатын еді. Бұлар өз зама-нында үшеу ғана емес, Торғай-дың аймаңдайлы  айтыскерле-рінің бір тобы ғана еді. Амал не, бұлар да көзден бұл-бұл ұшуға айналды" деуші еді.
Досымбайдың Әлиі  "Бесқа-ра  Қырықмылтықтың" Көшейі-нен. Өткен ғасырдың 30-60-шы жылдарының айтыс ақыны. Оның 1957-ші жылғы Ахметхан-мен айтысы 5-ші сыныптың "Әде-биеттік оқу" оқулығына енгізіліп, 90-шы жылдарға дейін оқыты-лып келген. Ел аузында жүрген: "Мырзахметпен айтысы", "Аңшы-ның айтысы", "Замандасқа" деген өлеңі, өзге де туындылары бар. Зиялы жеткіншектің зерделеуіне тұрарлық  шығармашылығы ел арасында баршылық.
Әлекең баппен ғана биязы баяулатып, сан сырлы әңгіме шерткенде талайлардың кеуде-сіне өткеннің тарихын қолмен қойғандай үйе салушы еді. Дом-быра шанағына қос шектің сың-ғырынан басқа дыбыс ұялатпай-тын дауласкер күйшілігі, бағзы  заман сырын шертер жыршылы-ғын айтсаңшы. Әлекеңді былай қойғандай Мүгілдің Мұса деген атасы таңды таңға қосатын өз заманындағы "дала театры" еді. Оның орындауындағы "Зарлық -Мұңлық", "Көрұғлы", "Қырық қыз", "Алпамыс", "Қобыланды"  тағы басқа ауыз әдебиеті жырлары осы заманға (1970-ші жылдарға) дейінгі халықтың тегін концерті еді ғой.
Ал, өз әкесі Тұрсынбек Қали-ұлының домбыра, сырнайға қо-сып салған әншілігіне куә болған Мәдениет Әшекеевтің "Сенің ауылда жүргендігіңнен ғана біз өнерпаз болып жүр екенбіз!" –  деуінен артық мысал керек емес шығар?!
Талант – өзен, көл, теңіз секілді адам табиғатының байлығы, негі-зінде болса қай кезде де ұрпақ тізбегінің нешінші буынында бол-са да бір шығатыны ақиқат. Та-лант иесі болып қалыптасу – ұзақ жол, ұзақ үрдіс. Сол жолда өне-ріңнің ашылуына, бабына келуі-не жақсы адамдар кездессе – өнердегі бағы жанып, жолы бол-ғаны. Небары 16 жасар Мүгілдің ең алғаш даусын естіген 80-дегі атасы Әли: "Мына балам менің – жалғасым!" –  деп батасын берген екен. Сол  жылдардан бері өнер жолында да, өмір жолында да – "ақпанға да, аңы-заққа да" қарсы жүзіп келе жатқан – Мүгіл Тұрсынбек-қызының бар еңбегі халқына, еліне арналып келеді. Оған оның әнін де, сөзін де өзі шығарған:
…Кәрі Торғай, өр Торғай,
Қазақтың ақын қызын өзің туған
Бұлбұл ғып ән салдырған дүл-дүл Торғай!- дегені-ақ дәлел.
  Қарапайым Мүгіл өзі, өмірі туралы бар пейілімен қара-пайым, қазақы тілмен айтады. Оған баспа жүзін көріп, жақында ғана шығарылып ел назарына ұсынылғалы отырған оның "Жү-рек дабылы", "Ақкөлден ұшқан аққу" атты шағын ғана өлеңдер мен әндері жинағы куә. Мүгіл та-лантының шын қырын көрсеткен бір мәжіліс тамыз айында туған елі Ахаң аулында болып өтті. Өз перзентінің өнерімен тұңғыш сусындаған бауырларын әнімен де, адал жанымен де рахатқа батырды. Туған жері үшін де, үлкендер үшін де, балалар үшін де әнін де, өлеңін де тыңдатқан мұрагер  Мүгілдің бұл сапары ата-баба жолының өшпейтін жалғасы екенінің бір дәлелі.
Ибраһим Ағытай,
өлкетанушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Қостанай қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓