Мұрағат – бағалы қазына
Біле білген кісі өткен жылдардың бел-белесінен сыр тартып, баға жетпес қазынаны мұрағаттан табары анық. Осы орайда біздің аудандағы мұрағат қызметі ширек ғасырдан бері тыңғылықты жұмыс атқарып келеді.

2003 жылдан бастап мұрағаттың орналасқан соңғы орны ауданның Мәдениет үйі ғимараты еді. Бірақ осы жердеде мұрағаттық қорлар санының көбеюіне байланысты құжаттарды орналастыруға, сонымен қатар олардың қабылдауын жүргізу үшін орын болған жоқ. Осы себепті мұрағат қоймасының біреуі басқа ғимаратқа көшірілген-ді.
Егер ағымдағы жылдың сәуір айында осы мәселені облыс әкімінің аппараттық мәжілісте айтылып, Н.М.Садуақасовтың тарапынан қолдау таппаса, мұрағатшылар әлі күнге дейін тығыз ғимаратта сығылысып отыратын еді. Қолмен ауыр құжаттар тізбегін бір ғимараттан басқа ғимаратқа тасып, құжаттардың мемлекеттік сақтауына қабылдаудан бас тартатын еді. Облыс әкімі тиісті органдарға қысқа мерзім ішінде оны шешу үшін тапсырыс берді.
Соның нәтижесінде бүгін Қарабалық ауданының мемлекеттік мұрағаты өз келушілерін 3 кабинеті және үлкен мұрағат қоймасы, еурожөндеуі бар кең ғимаратта, жаңа мекенжай бойынша қабылдайтын болды. Енді ауданның жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды сақтауға, қабылдау бойынша жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндік бар, резервтік аумақтар мен стеллаждар молынан жетеді.
Бұл Қарабалық ауданы тұрғындарының тарапынан елеусіз қалмады. Осы бір халық үшін аса маңызды мәселеге дер кезінде облыс әкімі Н.М.Садуақасовтың назар аударып, оң шешімін тапқанына дән риза.
М.Шакупова,
мұрағат қызметінің ардагері.
Қарабалық ауданы.