Әлеуметтік қор көп мәселені шешуге жәрдемші

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгін Парламент мәжілісінде нақты мақсаттар мен шаралар жайлы өз үндеуімен шықты. Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылатынын, онда қай санатқа көмек көрсетілетінін нақтылап айтты.
«Қазақстан — Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Мемлекет аз нәрсе тындырып жатқан жоқ. Республикалық бюджеттің 50 проценттен астамын әлеуметтік шығындар құрайды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізде ұлттық қор бар, ол – еліміздің қаржылық тірегі. Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі», – деді Мемлекет басшысы.
Біріншіден, бұл қор Президенттік емес, Үкіметтік емес немесе басқа мемлекеттік органдардың қоры емес. Бұл қор халықтық! Бұл қор әр қазақстандық азаматқа арналмақ. Екіншіден, бақылау кеңесі болуы керек, адал басшысы тағайындалады. Барлық жоспарлар мен есептер айқын түрде ресми сайтта жарияланады. Осы қордың қаржыландырылуы жеке меншік және мемлекеттік көздерден қарастырылады. Соған қоса, халықаралық қайымдырылық ұйымдарынан да қаржылар тартылуы да мүмкін. Осы қорға міндетті түрде лотореялық қызмет көрсету операторлары, ұтыс қою орталықтары және басқа да монополистер өз аударымдарын жасайды. Ірі бизнес тарапынан да тұрақты жарналар енгізіледі.
Ең бастысы "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау салаларында туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі. Қор есебінен сирек кездесетін ауруы бар балаларға көмек, қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлер отбасыларына қолдау көрсетіледі. Қаржы Алматы қаласын қалпына келтіруге, елімізде, ауылдар мен кенттерде спорттық нысандар салуға, мәдениет деңгейін жетілдіруге бағытталады.
«Қалаларда, аудандар мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынады. Дарынды балаларға көмек көрсетеміз. Мәдениетті қолдаймыз, Алматы қаласына қатігез трагедиядан кейін оңалуына көмектесеміз. Осы қор есебінен қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеміз. Бұл жекелеген мысалдар ғана», – деді Президент.
Мен Қазақстан азаматы ретінде Президенттің осы қойған мақсатын толығымен қолдаймын. Әрине, осы жоспардың бәрін жүзеге асыруға уақыт керек. Бірақ, Үкімет пен Парламент алдында қойған нақты іс шаралар жүзеге асырылып, өзінің оң нәтижесін беретініне сенімдімін.
Аслан Дабылов,
облыстық мәслихаттың депутаты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓