Ерлі-зайыптылар құрықталды

Облыс полицейлері “Көкнәр-2015” акциясы аясында героин сатумен айналысып жүрген ерлі-зайыптыларды ұстады. Олар Рудный қаласындағы бір сағатқа жалға алған пәтерлерінде құрықталды.narkotiki-pakety-belyi-poroshok
Бұл уақытта 35 жастағы ерлі-зайыптылар героинді пакеттерге бөліп салып жатыр екен. Полицейлер жалға алынған пәтер ішінен таразы, жіп, полиэтиленді пакеттерді тауып алды. Ал, пакеттегі ұнтақтарды ышқырына тығып үлгерген әйелі де полицейлердің құрығынан құтыла алмады. Осылайша, тінту кезінде полицейлер 136 орамадағы героин мен 40 мың теңгеден астам қаражатты тәркіледі. Егер олар қолға түспегенде осы героинді сатып 500 мың теңге көлемінде пайдаға кенелетін еді, – дейді ОІІД-нің полиция капитаны Айгүл Ерәділова.
Тергеу шаралары кезінде еш жерде жұмыс істемейтін ерлі-зайыптылардың тек есірткі сатумен ғана айналыспайтындығы, оны өздері де қолданатындықтары анықталды.  Сондай-ақ, ұрлық істеп түрмеге тоғытылған күйеуі былтыр ғана босап шыққан екен, ал әйелі бұрын істі болмаған. Қазір ерлі-зайыптылар Рудный қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында, екеуіне де ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.   
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓