Жаңаөзен тұрғындарының талабы ескерілді

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы жанармай стансалары ұсынған газ бағасы туралы пікір түсінік берді. Бұл жөнінде Қазақпарат жазды.
«Маңғыстау облысындағы жанармай стансаларының иелері сұйытылған мұнай газының бағасын литріне 85-90 теңгеге дейін түсіру туралы шешім қабылдағаны хабарланды. Дегенмен баға қалыптасып кетті ғой. Сонда жанармай стансаларының ұсынып отырған бағасы қашанға дейін сақталады. Бұл бір уақыттық акция ғана болып қалмай ма?», – деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
«Әр өндірістің өзіндік құны бар. Яғни, Жаңаөзенде орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауытының» 1 тонна газды өндіру құны 98 мың теңге қазіргі таңда. Оны литрге шаққанда, 60-70 теңге. Бұған қосатын «перевалкасы» бар, логистикасы бар. Сондықтан, газдың өзіндік құны газ тарату стансаларында шамамен 80 теңгені құрап отыр. Әрине, оны өзіндік құнынан төмен бағаға сатуға болмайды. Бұл тығырыққа апаратын жол. Сондықтан біз саланы дамытамыз десек, осы салаға инвестиция әкелеміз десек, қолданыстағы зауыттардың қалыпты жағдайда ұстап тұрамыз десек, әрине мұнай газының бағасын арзандатуға болмайды», – деген ведомство басшысы. Бүгінгі баға осы мәселе бойынша өтетін тексеруден кейін қайта нақтыланатынын түсіндірді.
«Жанармай стансаларының бастамасы – әлеуметтік бастама. Яғни, өзінің маржасымен бөлісіп, 100-120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін азайтты. Біз осындай бастаманы тек қолдауымыз керек. Бұл мәселе өте дұрыс. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілі де айтты. Қазіргі тексеру жұмыстары жүргізіліп, бағаның өзін ақтау деңгейін анықтап, нақты шешімге келеді деп ойлаймын», – деді Мағзұм Мырзағалиев.
Еске сала кетейік, сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрғындар наразылық білдірген еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓