Екі командаға бір кубок берілді
Қостанайда Жайдарман ойындарының финалы өтті. Алты команданың арасынан ең көп ұпай жинаған екі ұжым жеңімпаз атанды.

«Осы маусымда 28 топ өнер көрсетті. Аймақта жайдарманшылар қатары көбейіп келеді. 2010 жылдары ойын облыс орталығында ғана өтетін. Қазір өңірде бірнеше лига бар», – дейді өңірде өтетін Жайдарман ойындарының тұрақты жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы Марғұлан Бәкір.
Финалда алты ұжым бақ сынады. Олар: «Қысқа да нұсқа» (Қостанай қаласынан) «Көкалат», «Торғай облысы» (екеуі де Жанкелдин ауданынан), «Қостомар» (Қостанай ауданынан), «Сарыбай», «Техас» (екі де Рудныйдан).
Көңілді тапқырлар «Сәлемдесу», «Бес жаңалық» және «Үй тапсырмасы» кезеңдерінде бар өнерін ортаға салды.
Ойынды бағалау тәсілі ерекше: қазылар бір командаға берген бағасын екіншіге көрсете алмайды.
Жеңімпаздар мен жүлдгерлерді облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова марапаттады.


«Ойынның үздік ойыншысы» атағы торғайлық Жасұлан Қамиға 50 мың теңге берілді.