Көп күттірген қуаныш

27 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жітіқара қаласының шығыс бөлігіндегі шағын ауданына газ берілді. Көгілдір отынмен қамту іс-шарасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы барып қатысты.
Шортанды өзенінің оң және сол жағалауын жайлаған жітіқаралық жұрт бұдан былай табиғи газ игілігін көрмек. Нақтыларқ айтқанда, мыңнан астам адам орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қосылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ есебінен 1,6 млрд теңге жұмсалған.
Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарағ арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылы облыстағы елді мекендерді газбен қамту бағытында 15 жоба қолға алынған. Оған бюджет қаржысынан 2,7 млрд теңге бөлінді
2021 жылдың қорытындысы бойынша, облысты газдандыру деңгейі  56,7 %-тен 57,8 %-ке көтеріліп отыр.
Игі шара қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Торсанұлы жітіқаралықтарды көптен күткен қуаныштарымен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓