Ауылға арналған стартап
«Озат» IT-технологиялар мектебінің оқушылары ауылды дамытуға арналған стартап әзірлейтін болды. Мұндай уағдаластыққа облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңестің төрағасы Айдарбек Ходжаназаровтың қонақжай дәрісінде қол жеткізілді.«Олжа Агро» ЖШС Бас директоры болашақ IT – мамандарға нарықтың қажеттіліктері, үздіксіз білім берудің маңыздылығы және өмірде көшбасшылық ұстанымның қажеттілігі туралы айтып берді.
Қостанайда «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты 2018 жылы ашылды. Мұнда 7-11 сынып оқушылары оқиды. Оқыту ақпараттық технологиялар мен робототехника саласында білім алуға бағытталған.
«Сіз заманауи білім беруде өте маңызды бағытты таңдадыңыз. Бұл білім бүгінде сұранысқа ие. Мәселен, «Олжа Агро» кәсіпорынынан мысал келтірейін. Бұл жерде көптеген үдеріс ақпараттық жазықтыққа көшіріліп, өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді», – дейді Айдарбек Ходжаназаров.Лицей оқушылары өздерінің әзірлеп келген жобаларын көрсетті. Олардың арасында ақылды қала, сабақта мұғалімді алмастыра алатын робот, денсаулық жағдайы, ұзақ сапарға шығатын жүргізушілердің шаршау деңгейін анықтайтын құрылғы бар. Айтпақшы, бұл стартапқа жүк тасымалдайтын бірнеше компания қызығушылық танытқан.
«Бүгінде сұранысқа ие жобаларды әзірлеу үшін сендерге барлық жағдай жасалған. Біз ауыл өмірін жақсартқымыз келеді. Сендер осыны стартап ретінде жүзеге асыра аласыңдар ма?»,- деп сұрады кәсіпкер мектеп оқушыларынан.
Оқушылар қарым-қатынас орнатуға және өз жобаларын ұсынуға дайын екендігін айтты. Кейін олардың стартабы өңірде сынақтан өткізіледі.
«Бұл жұмысқа облыстық кәсіпкерлер палатасы қосылып, перспективалық бастамалармен тәжірибе алмасу үшін қажетті алаңдар құрылады», – дейді облыстық ӨКП директоры Данияр Күзенбаев.
Лицей директоры Рамазан Раисов оқу үдерісін дамыту туралы жоспарларымен бөлісті. «Біз жақын шетел мектептерімен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу үшін меморандумдар жасастық . Жақын арада осындай мамандарды біздің оқу орнымыздың базасында өтетін халықаралық форум аясында біріктіруді жоспарлап отырмыз», – деді лицей директоры.
11-сынып оқушысы Диас Батырқайыр, мұндай кездесулер адамның табысқа жету жолында өте маңызды қадам екендігіне сенімді. Олар Айдарбек Ходжаназаровтан қай кітапты оқыған пайдалы және қай кітапты өзі бірнеше рет оқығанын сұрады.«Сендер мыңдаған кітап оқи аласыңдар, бірақ, оның бірнешеуі ғана сен үшін құнды болады. Көптеген кітапты оқығаннан кейін сендер баға жетпес тәжірибе аласыңдар және ең жақсысын таңдауға тырысасыңдар. Мәселен, Хэл Элродтың «Таң сиқыры» адамның өзін-өзі дамытуға қалай уақыт табуды үйретеді. Майкл Портердің «Бәсекелестік стратегиясы» кітабында сала мен бәсекелестерді талдау әдістемесі туралы айтылады. Ал сүйікті кітабыма келетін болсақ, мен Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігін» бірнеше рет қайта оқыдым», – деді кәсіпкер.
Қызықты қонақжай дәрісі екі сағаттан астам уақытқа созылды. Алдағы уақытты облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің өкілдері «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні аясында облыст мектептері мен лицейлерінде осындай қонақжай дәрістерін өткізбек.

Әлібек ЫБЫРАЙ