ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙДА (жаңартылды)
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша Қостанайға іссапармен келді.
ҚР премьер-министрі жұмыс сапарының кестесіндегі негізгі шара облыс жұртшылығымен кездесу болады, онда өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған. Кəсіпкерлер қауымымен кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту келешегі, мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері қаралды. Бақытжан Сағынтаев жастармен Үкіметтің қазақстандық жастардың жеке бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен сапалы білім алуы үшін жасап жатқан мүмкіндіктерін талқылады. Іссапардағы алғашқы нысан «Қостанай» халықаралық әуежайы болды. Мұнда Б. Сағынтаевқа қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі мен әуе айлағын қайта жөндеу жобасын іске асыру барысы туралы есеп берілді.
Сондай-ақ, Сағынтаевқа JAC S3 және PEUGEOT 301 шанақтарын біріктірудің жаңа желісінің монтаж жұмыстары туралы ақпарат беріп, шанақтарды бояу цехтарының, жеңіл автокөліктер мен автобустарды құрастыру желісінің жұмыстарын көрсетті.

Бүгінде автокөліктер еліміздің ішкі нарығы мен көрші Ресей мемлекетінде сатылуда. "Холдинг Азия Групп Тәжікстан" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатын болады, оның аясында Тәжікстанға 2 мың JAC және Peugeot автокөліктері жеткізілетін болады.
"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2010 жылдан 2017 жылғы сәуір айына дейін 26 345 автокөлік шығарылған. 2017 жылдың І тоқсанында 971 көлік құрастырылған. Зауытта шамамен 600 жұмыс орны бар.
Үкімет басшысы Қостанай автокөлік колледжіне барып, ұжыммен, студенттермен кездесу ұйымдастырып, ашық сұхбат құрды.

Бақытжан Әбдірұлы іссапарының соңында Қостанай ауданының Заречный кентіне ат басын бұрып, "Солтүстік" шағын ауданындағы "Нұрлы Жер" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан үй құрылысын қарап шықты. Премьер-Министрге жаңа шағын ауданның 37 гектар аумақты қамтитыны, құрылысқа 271 жер телімі бөлінгені туралы мәлімделді. Мұнда 34 үй тұрғызу жоспарланған. Жер телімдерінің шекарасына қажетті инфрақұрылым – газ, су құбыры, электр қуаты жүргізілген.

Толығырақ ақпарат іссапар қорытындысынан соң, яғни газеттің ертеңгі нөмірінде жарияланатын болады.