Салықтан жалтаруға болмайды
Облыс тұрғындарының мемлекет алдындағы салық қарызы 2 млрд. теңгеге жеткен.
Борышкерлерге қатысты заң жүзінде қатаң шаралар қолданғанымен оның нәтижесі шамалы. Бұл туралы мемлекеттік кіріс департментінде өткен брифингте мәлім болды.
Өткен жылмен салыстырғанда халықтың мемлекет алдындағы салық қарызы 5 есеге артып, қазір 2 млрд теңгеге жетіп отыр. Борышкерлер тізімінің дені бизнесмендерге тиесілі. Олар хабарламаларға аса мән бермейді. Сәйкесінше Үкімет мәжбүрлі шараға барады. Қазынаға қарызы барлардың мүлкін тәркілеу. Аталмыш әдістің іске асуы бұл мәселенің оң шешілуіне ықпал ете бастады, дейді мамандар.
-Қарызы бар борышкерлерді банктегі есеп-шоттарын жауып, қаржы саласында қандай да бір әрекеттерге тыйым салуға толық құқымыз бар. Сот орындаушыларын тартуды кеңінен қолданысқа енгізе бастадық. Ол да өз тиімділігін көрсетті. Осындай әдістердің арқасында жыл басынан бері мемлекет қазынасы 700 млн. теңгеге толықты. Берешек азматтардың ел аумағынан шығуына тосқауыл қоятын заңның биыл қабылдануы да жұмысымызға оң ықпал тигізді. Мәселен, шекара аспақ болған 7 борышкер амалсыз ат басын кейін бұрды, – дейді Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Зарина Бекмұхамедова.
Алдағы уақытта қыруар қаржыны мемлекет меншігіне қайтарту үшін кіріс және құқық қорғау органдары бірлесіп рейд ұйымдастырмақ ниетте.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ