“MIRAS” ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік универсиеті қабырғасында «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы басқосуда талқыланған тақырып – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кейту мәселесі болды.
Ата Заңымызда айтылғандай, Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар – ол қазақ тілі. Сондықтан, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі боп қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Оған облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының баяндамасы дәлел.
Осы күні облыс аумағында тілдерді оқытатын арнайы орталықтар жұмыс істейді. Ондағы мамандар тыңдаушының еркі бойынша таңдалған тілді үйретумен айналысады. Мемлекеттік тілден тыс, орыс, ағылшын тілдерін, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің ана тілін дамытуға да ден қойған. Кеңесте тіл мәселесінің қозғалуы әбден орынды дегенді айтты отырысқа келгендер.
Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады. Жастарымыз өзге тілді соның ішінде орыс және ағылшын тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды. Мелекет басшысы өз Жолдауында осылай деген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓