Жеті жетістік

Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиында "Nur Otan" партиясы мен еліміздегі жетекші саяси ұйымның Қостанай облысындағы филиалында атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Партияның облыстық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина өз баяндамасында Елбасының мемлекеттік және ұлттық құрылыстың іргелі қағидаттары "Елдіктің жеті тұғыры" тұжырымдамасына тоқталды. Атап айтқанда, біріншіден, партияның жүйелі "қайта жүктеуі" аяқталды.Қайта жүктеу бағдарламасы Елбасының 2019 жылдың тамыз айында "Сенім. Диалог. Болашаққа деген сенім – партияның 7 серпіні " бастамасымен үлкен электоралдық цикл қарсаңында басталған болатын. Саяси практикада алғаш рет "мықты көшбасшылар – мықты партия" қағидаты бойынша праймериз жүргізілді, бұл "NurOtan"-ға жаңа адамдарды бәсекелестік негізде тартуға және партияның сайлау алдындағы тізімдерін 80% – ға жаңартуға мүмкіндік берді. Партияның белсенді мүшелері талассыз жеңіс факторы ғана емес, табысты жұмыстың кепілі болды. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы "NurOtan" фракцияларының құрамы 65% – ға жаңартылды.
– Екінші, тиімді антиковидтік күн тәртібі іске асырылды. Партия волонтерлік қозғалысты жандандырып, өзінің партиялық тізімдеріне 20%-дық жастар квотасын енгізді. Үшінші, халықтың түрлі топтарына нақты нақты қолдау қамтамасыз етілді. "Жастар-Отанға! 2025 жылға дейін". сауалдары бүкіл ел бойынша көрініс тапты. 600-ден астам жас депутаттан тұратын корпус құрылды, оның ішінде 44-і біздің облыстан. Төртінші, сайлау алдындағы халықтық бағдарламалар әзірленді. Бесіншіден, Мәжіліс пен мәслихаттардағы сайлауда айқын жеңіске жетті. Алтыншы, сайлауалды уәделердің орындалуын жүйелі бақылаудың пәрменді архитектурасы құрылған. Үкіметте Штаб ұйымдастырылды, нақты индикаторлары мен нысаналы көрсеткіштері бар жол карталары қабылданды, Қоғамдық кеңестер құрылды. 2,7 мыңнан астам депутаттың жұмысын жандандыру үшін рейтинг іске қосылды, ол келесі жылдың ақпан айынан бастап жария болады. Осындай жұмысты біздің облыстың 215 партия мүшесі жүргізуде. Жетіншіден, ауыл әкімдерінің бірінші тікелей сайлауында сенімді жеңіс қамтамасыз етілді, – деді Б.Аққожина.
Жиын салтанатты марапаттау рәсіміне ұласты.
"Белсенді қызметі үшін" төсбелгісімен "Nur Otan" партиясының бағдарламалық мақсаттары мен саяси тұғырнамасын іске асыруға зор еңбек сіңірген 18 азамат марапатталды. Олардың қатарында билік өкілдері, партияның түрлі қоғамдық ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпорын жетекшілері бар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, "NurOtan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытына белсенді қолдау көрсеткені үшін, партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға қатысқаны үшін "Құрмет грамотасы" марапатымен 19 адам марапатталды.
Қостанай облысының әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін ел ағасы Бек Жүсіпов "Халық алғысы" медалін кеудесіне тақты.
Ал Электоралды кезеңге белсенді қатысқаны үшін "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының "Алғыс" хаты марапатын балабақша тәрбиешісі Елена Зимовец, мұғалім Балғабай Ысқақов, ардагер Алла Луценко,  клуб жетекшісі Қайрат Төлебаевтар алды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓