“АЛАШ” СЫЙЛЫҒЫ – БАС РЕДАКТОРДА
Алматы қаласында «Тәуелсіздік әдебиеті» деген тақырыпта Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті. Алқалы басқосуда Тәуелсіздік мерекесіне орай соңғы бір жылда ел әдеби өміріндегі атқарылған істер сараланды. Сондай-ақ, 2020 жылғы шыққан әдеби туындылар бойынша Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының жүлдегерлері анықталды.


