Саусақтар сыры

image descriptionБас бармақ – Әке-шешелеріміз сияқты
Балаң үйрек – Аға-әпкелеріміз сияқты
Ортан  терек – Өзіміз  сияқты
Шылдыр шүмек – Ерлі-зайыптылар сияқты
Кішкене бөбек – Бала-шағамыз сияқты
Мына суреттегідей екі қолыңыздағы саусақтарыңызды бір-біріне  тиістіріңіз.  Ортан терек саусағыңызды суреттегіше  екі  алақан арасына майыстыра кіргізіңіз.
Осы халде екі бас бармақтың ұшын ашыңыз (бір-біріне тигізбеңіз). Екі саусақтың ажырағанын көресіз. Бұл, күндер-дің-күнінде әке-шешелеріміз қартайып, табиғат заңдылығымен бақилық болып өмірде ажырайтынымызды білдіреді.
Екі балаң үйрек саусағыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағанын көресіз. Бұл бір күні аға-әпкелерімізден бірі үйленіп, бірі тұрмыс құрғаннан кейін бөлек кететін-діктен бірге болалмайтындықты білдіреді.
Енді екі кішкене бөбек саусағыңызды ашып көріңіз. Бұл жерде де ажырағанын көре-сіз. Бұл бала-шағамызда күні келіп бірі үйленіп, бірі тұрмыс-қа шығып бөлек кететінін білдіреді.
Ал енді неке жүзігі тағылатын шылдыр шүмек саусақтарыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағысы келмей, ашылмайтынын көресіз. Бұл – екі жұптың мәңгі бірге деген ұғымды білдіреді деумен неке жүзігі сол төртінші саусаққа тағылады екен.
 
* * *
– Ұзын саусақты адамдар ұқыпты, байсалды, төзімді келеді. Кейде өзімшілдікке де ұрынуы мүмкін.
– Ұзындығы орташа саусақтар байсалдылықты білдіреді. Мұндай саусақ иесі ақылды, мінез-құлқында жасандылық жоқ, ұсақ-түйекке мән бермейді.
– Өте жуан саусақтар практикалық іс-әрекеттерді табыс-ты атқаруға бейім.  Жіңішке саусақтылар – қиялшыл, арманшыл, олар жалған сөйлеуі де мүмкін.
– Өте арық саусақ ғалымдар мен өнертапқыштарға тән.
– Ұш жағы ұзыншалау әрі дөңгелене біткен саусақтар (егер бұған қоса жүрек сызығы айқын көрініп тұрса) адамның жарқын мінез екенін көрсетеді.
– Доғалдау шаршы (квадрат) бітімді саусақтар салмақтылықты білдіреді.
– Егер сұқ саусақ ортаңғы саусаққа қарай біршама қисайыңқырап тұрса, онда бұл адамның ашушаң, намысшыл болғаны.
– Егер ортаңғы саусақ аты жоқ саусаққа қарай қисайың-қы  көрінсе,  ол  өнер  мен ға-лымға бейімділікті білдіреді.
– Егер аты жоқ саусаққа қарай қисайыңқы болса, ол салмақтылық, тағдырға көну, сенімдік белгісі.
– Аты жоқ саусаққа сүйене қисайған шынтақ – зеректік, тапқырлықты білдіреді.
 
* * *
Қолыңыз қысы-жазы бір жылымайтын болса онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны.
 Қос алақаныңыз шоққа қақтағандай үнемі лапылдап, қызып жүрсе бауырдың уытқа қарсы  "қайратының"  кеми  бастағаны.
Алақаныңыз қараптан-қарап тершіп, дымданып, әйтпесе құрғап, бозарып жүрсе қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары.
Қолыңыздың терісі ақ жарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса тәніңізде А дәрумені мен D  дәруменінің  тапшы  болғаны.
Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қалғандай сезі-летін болса, жүрек-қан тамыры жүйеңізде ақау бар.
Ауық-ауық жансыздану үлкен саусақтардан байқалса, тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе сусамырға (қант құрамының артықтығына) шалдығуыңыз ғажап емес.
 Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз.
Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып терісі түлей берсе өт қалтасы жұмысының бұзылғаны.
Қолыңыз қимылдағанда білегіңіз сықырласа кальций тапшылығының белгісі. Алақан мен саусақтағы бұл өзгерістер, әрине, ауруыңызды өзіңіз анықтап, өзіңіз ем іздеуіңіз үшін емес, деседе, дәрігерге көрініп, тексерілуіңізге нақты себептің болғанын аңғартады.
(Ғаламтордан).
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓