Кітап әлемі – сырлы, тылсым әрі тұңғиық.
Құрметті жерлестер!
Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын ғасырдан ғасыр-ға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал.
Алайда қазіргі дамыған және дамушы елдердің миллиондаған сауатты тұрғыны кітап пен журналды тым сирек қолға алатын болды.
Оқуға қызығушылықты көтеру мақсатында шетел мемлекеттерінде "Үлкен оқу", "Бұл жайлы көп оқы", "Бір ел – бір кітап" жобалары, "Оқуды дамыту мен қолдаудың Ұлттық бағдарламасы", Қазақстанда "Оқуға құштар Қазақстан" бағдарламасы жасалды.
Кітап әлемі – сырлы, тылсым әрі тұңғиық әлем. Оны таныған, тереңіне бойлаған оқырманның жаны сұлу, жүрегі мейірімге толы, рухы асқақ болары анық.
Осы Үндеу арқылы облыс тұрғындарын саяси партиялардың филиалдарының бастамасымен іске асырылатын Қостанай облысында кітап оқуды қолдауға және дамытуға бағытталған "Оқитын өлке" жобасына қатысуға шақырамыз!
Жобаны іске асыру нәтижесін-де тұрғындардың оқу белсен-ділігін арттыру, кітапханалардың жұмысын жандандыру, әлеуметтік маңызды әдебиет сапасын арттыру, кітап тарату жүйесін дамыту, тұрғындарды, оның ішінде балалар мен жастарды кітап оқуға баулу сияқты мәселелер шешімін табады деп сенеміз.
Әлімбаев А.А.,
Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің хатшысы
Богатырев С.А.,
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" облыстық филиалының төрағасы
Власов Г.Ю.,
"Қазақстан патриоттары партиясы" облыстық филиалының төрағасы
Ерғалиева Ш.С.,
Қазақстан коммунистік партиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысы
Есмұратов С.П.,
"Ауыл" ҚСДП облыстық филиалының төрағасы
Ешманов С.Ж.,
"Бірлік" партиясы облыстық филиалының төрағасы
Сапарова Ә.С.,
"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Сәтмұхамбетов Ө.Ө.,
"Ақжол" ҚДП облыстық филиалының төрағасы.