Туыстық атаулар

Абысын. Ағайынды адамдардың әйелдері.
Бажа. Бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
Бөле. Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
Балдыз. Әйел адамдардың жасы кіші туыстары.
Ене. Ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.
Құда. Күйеу мен қалыңдықтың (ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
Құда бала. Құдасының баласы (ұлы) т.б.  жасы кіші туысы.
Құдағи. Күйеу мен қалыңдықтың   шешелері  немесе әжелері.  (Құдаңдал адамдардың әйелдері).
Құда-жекжат. Ілік-шатыс құда адамдар.
Құдандалы. Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
Құдаша. Ерлі-зайыпты адамдардың  жасы  кіші  әйел туыс-тары; құдандалы адамдардың қыздары.
Жиен. Күйеуге шыққан қыздан туған бала.
Жиеншар. Жиеннен туған бала.
Жеңге. Жасы үлкен ағасының келіншектері.
Жезде. Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
Киіт. Құда-құдағиларға киім-кешек түрінде берілетін сыйлық.
Күйеу. Әйелдің ері, жұбайы.
Келін. Ата-ана үшін   баласының әйелі де,    жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
Қайын. Қыз алып,  қыз  берген екі  елдің күйеу  мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
Қайын аға. Ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағалары.
Қайын ата. Күйеу мен келіншектің туған әкелері.
Қайын   ене. Ерлі-зайыптылардың  туған   шешелері.
Қайын бике. Күйеуінің туған- туысқан әпкелері.
Қайын сіңлі. Күйеуінің қарындастары.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓