“Даму-Аймақтар” – кәделі бағдарлама
Біз «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша қандай да бір банкке қаржы салғанымызды жиі хабарлаймыз.
❓Бұл қандай бағдарлама?
Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ «Бизнестің жолкартасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және/немесе кепілдік құралын да пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бағдарлама мақсаты – ҚР өңірлерінде экономиканың басым салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
✅Кімдер қатыса алады: кәсіпкерлік субъектілері
✅Кімдер қатыса алмайды:
▪️ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатына жатпайтындар
▪️ моторлы көлік құралдарын жасаушыларды қоспағанда, акцизделетін тауар немесе өнім шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін кәсіпкерлер
▪️ ойын бизнесіндегілер
Бағдарлама шарттары:
✅Максимал сома – 750 млн теңгеге дейін
✅Пайызы – жылына 14%, субсидияның арқасында 6%-ға дейін түсіру мүмкіндігі бар
✅Мерзімі: инвестицияға 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін
✅Қалай алуға болады: кәсіпкер банкке өтініш береді
????Бағдарламаға қатысу үшін сұралатын қажетті құжаттар пакеті әр банкте әртүрлі (банктің қалауы). Банк бағдарлама аясында қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.
????Басымдық берілген салалар: экономиканың қаржы мен сақтандырудан өзге барлық салалары
⠀????Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408 нөміріне хабарласып, damu.kz сайтынан қарап немесе «Даму» Қорының өзіңіз тұратын қаладағы филиалына келіп менеджерлерден білуге болады.
⠀???? «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!