Бизнеске арналған жеңіл несие
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің мөлшерлемесін 6%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берілген. Бұл бағдарлама аясындағы субсидия елдің бар өңіріндегі кәсіпкерлерге салалық шектеусіз беріледі.
Ал жобаларын индустриялық-инновациялық салада жүзеге асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер бағдарламаның 2-бағыты аясында қолдау ала алады. Атап айтқанда:
✅Максимал сома: 7 млрд теңгеге дейін
✅Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%-құрайды
✅ Субсидия мерзімі:
▪️ инвестиция үшін – 5 жыл
▪️ айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл
❗Бағдарламаның екінші бағыты аясында субсидия беру механизмі:
1️⃣Кәсіпкер қаржы ұйымына жүгінеді. (мысалы: банк);
2️⃣Қаржы ұйымы жобаның қаржылай және экономикалық тиімділігін бағалайды;
3️⃣Оң шешім қабылданған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын несиелеуге дайын екендігі жөнінде «Даму» Қорына жазбаша хабарлайды;
4️⃣Оң шешім алған кәсіпкер арнайы өтініш-сауалнаманы толтырып, құжаттар пакетімен «Даму» қорына жүгінеді.
5️⃣Құжаттар түгел және талапқа сай болған жағдайда, Қор кәсіпкердің жобасын уәкілетті орган отырысына ұсынады. Уәкілетті орган оны ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды;
6️⃣ «Даму» қоры уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
✅Рәсімдейді
✅Протоколға қолқояды
✅Оң / теріс шешім жайында қаржы ұйымы/кәсіпкерге ілеспе хаты бар хаттамадан үзінді жібереді
Оң шешімнің қолданылу мерзімі Қордың уәкілетті органы қабылдаған күннен бастап 6 айға жарамды.
Бағдарламаға кім және қандай шартпен қатыса алатыны, өтініш-сауалнама немесе құжаттар пакетіне не кіретіні туралы ақпаратты Қордың сайтындағы https://www.damu.kz/programmi/subsidy/subsidii-dkb-2025-d/ сілтемесі бойынша табуға болады
немесе 1408 (тегін) қысқа нөміріне қоңырау шалып анықтайаласыз.
???? «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!