Эпидахуал: 115 адам жұқтырды

31 қазанда Қостанай облысында коронавирус 115 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 28, Рудный қ. – 14, Қостанай ауданы – 12, Әулиекөл ауданы – 10, Жітіқара – 9, Алтынсарин ауданы – 7, Мендықара ауданы – 5, Қамысты және Қарабалық аудандарында – 4, Қарасу ауданы – 3, Амангелді және Б.Майлин аудандарында – 2, Сарыкөл және Федоров аудандарында – 2.
99 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 15 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 109 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 31 қазан аралығында COVID-19-дың 36 842 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 33 147.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 329 283 адам, екінші компонентпен 305 558 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓