Республикалық турнир өтті

Шараның басы-қасында жүрген №2 Балалар мен жас-өспірімдерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы Ахтам Одиловтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан аймағында таэквондомен айналысатын балалардың қатары тым аз. Сондықтан Олимпиадалық спорт түріне жататын таэквондоның танымалдылығын арттыру – басты мақсатымыз, – дейді ол. Айта кетерлігі кеншілер шаһарының намысын қорғаған 35 спортшының 32-сі жүлделі орындарға ие болып, жерлестерінің абыройын асқақтатты. Алда жасы мен ересегі бар 12 рудныйлық таэквондошы, атап айтсақ Ксения Гильдт, Асылжан Ибраимов, Такен Орымбаев, Нұржан Өтемұратов, Яна Лобасова, Талғар Усманов, Еркебұлан Өтемұратов пен Мадина Қайыржановалар Астанада өтетін ел чемпионатына аттанып, Әлем чемпионаты мен Азиада ойындарына жолдаманы сарапқа салатын болады.
Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ