Қаза тапқандарды еске алды
АІІБ-нің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың басынан бері ауданда 10 жол апаты оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 12 адам әртүрлі жарақат алса, ал 6-ы қайтыс болған.
Мінеки, ауданда "Жол апатынан қаза тапқандарды еске алу күні" деген атпен ауқымды акция өтті. Яғни, оны аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПП басшысы бастап, сапқа тізілген қара түсті машиналар қостап, Сарыкөл кенті көшелерінің бойымен баяу жүріп өтті. Бұл, әрине, жол апатынан қаза тапқандарды еске алып, ондай жағдайлардың қайталанбауының алдын алу.
Шараға атсалысқандардың бәрі де "бір жағадан бас, бір жеңнен қол" шығарып, жұдырықтай жұмыла кірісті.
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.