Басқарма басшысы ұсталды
Қостанай облыстық әкімдігінің табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай облыстық әкімдігінің табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әмірхан Мауқұлов ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тергеуді Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушілері жүргізіп жатыр. Антикоррупциялық қызмет шенеунікті 30 маусымда ұстаған.