Әлеуметтік мәселелер талқыланды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдермен селекторлық кеңес өткізіп, оның барысында бірқатар мәселелер қарастырылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ең алдымен ауыл әкімдерін тікелей сайлау және сайлау инфрақұрылымының жай-күйі, сондай-ақ ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттары қарастырылды.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында " «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және басқа да тиісті заңдарға түзетулер бекітілді.
–Осылайша, ағымдағы жылдың шілде айында ел өмірінде маңызды қоғамдық-саяси оқиға – ауылдық деңгейдегі әкімдерді алғашқы тікелей сайлау өткізілді. Біздің облыста 199 әкімнің 65-і сайланды. Сайланған әкімдердің орташа жасы 47 жасты құрайды, бұл ретте ең жасы – 28 жасты құрайды, бұл Денисов ауданының Тельман ауылдық округіндегі Арман Дабылов,-деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.
Бұдан әрі бюджеттің төртінші деңгейінің орындалу барысы қарастырылды. Қазіргі уақытта облыс аумағында жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті толығымен енгізілді, оның ішінде облыс бойынша барлық 199 ауылдық округ бюджеттің 4 деңгейіне өтті. Ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында дербес бюджеттің деңгейін кедергісіз енгізу үшін барлық жағдай жасалған.
Одан кейін ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Жыл сайын көктемгі және күзгі кезеңдерде қала мен ауданд әкімдіктері елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта күзгі санитарлық тазарту айлығы 16 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі.
Энергетика және ТКШ басқармасы апта сайын осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізеді.
Бұдан әрі облыстағы ұлттық халық санағының барысы талқыланды. Ел Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің шешіміне сәйкес ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы жүргізіледі.
Санақтың мақсаты – сенімді ақпараттың толық жиынтығын алу. Естеріңізге сала кетейін, халық санағы 10 жылда 1 рет өткізіледі. Санақ онлайн режимде Интернет желісін пайдалана отырып, өзін-өзі толтыру әдісімен және офлайн режимде планшеттер арқылы сұрау әдісімен жүргізіледі. 1 қазаннан бастап санақтың негізгі кезеңінің екінші бөлігі-аулаларды аралау басталды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдерге елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу кезеңінде барлық тиісті іс-шараларды жүргізуді, бюджеттің төртінші деңгейіне өткен ауылдық округтер бойынша салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмысты бақылауға алуды, сондай-ақ ұлттық халық санағын өткізудің маңыздылығы туралы түсіндіруді күшейтуді тапсырды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓