«Арайлы алтын күз»

Науырзым. Аудандық балалар шығармашылық үйінде дәстүрлі «Арайлы алтын күз» мерекесі өтті. Аталмыш шараны балалар шығармашылық үйінің театр мен шебер қолдар үйірмелерінің тәлімгерлері ұйымдастырған. Мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті. Сондай ақ, оқушылар табиғи материалдар мен жемістерді пайдаланып әртүрлі бұйымдар жасап, көпшілікті тәнті етті.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓