Жоғалған жасөспірім табылды
Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 13 жасар жасөспірім Рустам Ташмағамбетовты Әулиекөл ауданынан тапты. Полицейлер баланың Аманқарағай ауылына жол-жөнекей көлікпен туыстарына келгенін анықтады. Қазіргі уақытта ол туыстарында. Ювеналды полицейлер жасөспіріммен жұмыс жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 2021 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 11.00 шамасында Рустам Ташмағамбетов мектептен кетіп, қайтып оралмады. Бала кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында тұрған.