Аймақ басшысы Арқалықта
Облыстың оңтүстік өңіріне іссапармен барған аймақ басшысы А.Мұхамбетов Арқалық қаласына ат басын бұрып, бірнеше нысанды аралады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыс әкімі бірінші кезекте "Үміт" тері зауытына барды. Бұл кәсіпорын тері илеумен, оны өңдеумен және былғары өнімдерін шығарумен айналысады. Қазіргі уақытта кәсіпорында шикізаттан дайын теріге дейін толық өндірістік цикл қалыптасқан. Мұнда жылына 48 мың шаршы метр былғары өнімі өндіріледі. Зауытта 42 жаңа жұмыс орны ашылған.




Сонымен қатар, өңір басшысы Торғай боксит кен басқармасынан жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ "Nur Otan" партиясының қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.




Сапар соңында облыс әкімі А.Мұхамбетов Арқалық қаласының әкімі Ә.Асановқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.