«Jas Otan»-да – жаңа төраға

«Nur Otan»  партиясының Қостанай облыстық филиалында бейнеконференция байланысы режимінде «Jas Otan» Жастар қанатының Қостанай облыстық филиалының ХІ конференциясы өтті.
Күн тәртібінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы облыстық филиал төрағасының міндетін атқарушы Сабыр Молдағалиев баяндама жасады. Ол өз баяндамасында «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жастарға арналған партиялық жобалар, имидждік жобалар мен іс-шараларды атап өтті.
– Облыс бойынша 30 бөлімше, 4 қалалық 16 аудандық, ЖОО жанындағы Жастар қанатының 6 бастауыш ұйымы, 4 ТжКБ ұйымдарында жұмыс істейді. Барлық белсенділер қоғамдық негізде жұмыс істейді. Есептік кезеңде 300-ден астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде, 215-конференциялар, семинар – тренингтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, акциялар; 20 – қайырымдылық; 40 – Еңбек десанттары, сенбіліктер, 40-рейдтер және мониторингтік іс-шаралар. 2025 жылға дейінгі  «Жастар-Отанға!» бағдарламасы жастардың әртүрлі санаттарының мүдделерін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында өңірде 21 жол картасы бекітілді, оның шеңберінде 5 жыл ішінде 367 индикаторға қол жеткізу және 785 іс-шара өткізу көзделген. Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған өңірлік жол картасы пункттерінің 46 – сы іске асырылды, 50 – і орындау сатысында. Жол картасы шеңберінде 750 орындық 2 студенттік жатақхананың құрылысы, ірі спорт объектілері – «Аят Фитнес Премиум» дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін (Рудный қ.), «Бокс мектебі» (Қостанай қ.), теннис орталығын (Лисаков қ.) іске қосу, облыс мектептерінде 5 STEM-зертхана ашылды. Жыл соңына дейін өз ісін ашу және бизнесті жүргізу үшін 600 – ден астам грант пен кредит беру, «Дипломмен-ауылға!», «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде кемінде 500 жас маманның жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жоспарда бар. Бұл қолдау шаралары «Жастар-Отанға!» жасотандықтардың тұрақты бақылауында, – деді Сабыр Дулатұлы.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық филиалдың жаңа төрағасын сайлауға қатысты Серік Манасбаевтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.
Манасбаев Серік Шотбайұлы 1991 жылы Науырзым ауданының тумасы, білімі жоғары, әр жылдары білім беру саласында, үкіметтік емес секторда қызмет атқарған, 2019 жылдан бастап «Sanaly Urpaq 2050» ҚҚ төрағасы қызметін атқарады, Қостанай қалалық мәслихатының депутаты.
Шара соңында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Нұржан Жетпісбаев Сабыр Молдағалиевке атқарған жұмысы үшін алғысын айтып, Серік Манасбаевтың жұмысына табыс тіледі.
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓