Көп түкірсе – көл
Рудный қаласының 15 жастағы тұрғыны Медель Жұбанышов осыдан 7 жыл бұрын аяқ астынан жүйке-бұлшықет ауруына ұшырап, аяққа тұра алмай қалған. Сол сәттен бастап еміне шипа іздеп, ата-анасының бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
Жуырда диагнозы ДНК-ны секвенирлеу арқылы нақтыланып, алматылық дәрігерлер бірнеше кезеңнен тұратын емдеу шараларын жазып берді. Яғни омыртқаның қисығын отасыз түзету, емдік дене шынықтыру және арнайы массаж жасату қажет. 3-4 жылға созылатын бұл кезеңдерді өту үшін кемінде 7 миллион теңге қаражат керек. Баспанасын, бар дүние-мүлкін бауыр еті баласының еміне сарп еткен отбасының емді бастауға қаржысы жоқ.
"Жақсылықтын үлкен-кішісі жоқ. Тіпті, қосқан 100-200 теңгеңіз немесе осы хабарламаны таратқаныңыздың өзі үлкен қолдау. Берген садақаңыздың сауабы өзіңізге еселеп қайтсын! Мұндай жағдай ешкімнің басына келмесін деп тілейміз! Жанашыр адамдар барына кәміл сенеміз! Алла риза болсын!" – дейді шарасыз ата-ана.
Анасы Гульмира Женисбековна
5169 4931 0244 3689 (KASPI GOLD)
Тел.87014704955(KASPI GOLD)
@eskabulovagulmira