Кештің шымылдығын Затобол кентіндегі "Алтын дән" мәдениет үйінің әншілері Жанат пен Еркебұлан ашты. Ә дегеннен көрермен қауым жас өнерпаздардың өнерін ыстық ықыласпен қабылдады. Жиылған жұртқа кәсіби әншілер мен термешілер де ән мен күйден, термеден шашу шашты.