Тұрғындар шағымы тыңдалды
Юбилейный шағын ауданындағы №23 үйдің тұрғындары баспана төбесінен су ағатынына шағым жасады. Олар бұл мәселені мердігер компания әлі күнге шешпей отырғанын айтады. Осы мәселе бойынша "Qostanai – adaldyq alany" жобалық кеңсесінде тұрғындардың, Қостанай қаласы әкімдігі, Құрылыс басқармасының өкілдерінің және мердігердің қатысуымен жиын өткізілді.
Құрылыс бөлімінің айтуынша, қазіргі уақытта мердігерге құрылыс кезінде жіберілген ақауды түзеу туралы сот шешімі шығарылған. Ол 12 қыркүйекте күшіне енеді. Онда көрестілгендей, мердігер олқылықтың орнын 18 қыркүйекке дейін толтыруға міндетті.
Ал тұрғындар аталған мерзімге дейін жауын-шашын түсе ме деп қауіптенеді. "Өйткен жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілмей қалуы мүмкін" деп алаңдап отыр олар.
Қостанай қаласы әкімдігінің өкілдері бұл мәселе жіті бақылауда ұсталатынын айтты.