200-ден төмендеді
7 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 187 адамнан табылған.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 85, Рудный қ. – 32, Әулиекөл ауданында – 15, Қарабалық ауданында-14, Денисов ауданында – 11, Жітіқара қ. – 10, Меңдіқара ауданында – 7, Лисаков қ.- 6, Алтынсарин ауданында – 4, Қарасу ауданында – 3 адам дерт жұқтырған.
173 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 13 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 166 адамда ауру белгілері болды, 21 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 7 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 30 475 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 26 542 .
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 305 152 адам, екінші компонентпен 259 273 адам вакциналанды.