Студент болдым, мінекей…

студент болдымТорғай аграрлық-техникалық колледжі студенттері үшін қазан   айының алғашқы аптасы жүрекке  жағымды,  көңілге  қонымды  жаңалықтармен  басталды. Қалаған  мамандығы  бойынша  оқуға  түскен, арман-мақсатының баспалдағына көтерілген  бір топ  жастарды  студент қатарына қабылдау рәсімі  өтті. Студенттер үшін  маңызды  шараны  колледж  басшысы Арман  Жақанұлы ашты. Өзінің  құттықтау тілегінде  қоғам  игілігіне  қызмет  ету – әрбір  адамзат   баласына  осындай  студенттік кезеңнен бастау алатынын  айта келіп, келешекте  өз   мамандықтарының нағыз  маманы болып, еліміздің  экономикасының  қарыштап  дамуына өз үлестерін  қосуларына  тілектестік   білдірді. Кеш барысында оқытушылар мен келген қонақтар тарапынан  жылы-жылы лебіздер айтылды. Студенттерге билеттер табысталды. Содан кейін жоғарғы  топ  студенттері өздерінің әсем ән-күймен  шашу  шашты. 
Бағила  КЕНЖЕҒАРАҚЫЗЫ,
қазақ тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓