Мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде Елбасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қол қойған болатын. Аталмыш жоба әкімдіктерге жаңа функцияларды берумен бірге орталық атқарушы органдардың белгілі бір штат санын жергілікті атқарушы органдарға беруді қарастырады. Облыстық әкімдікте өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аман мемлекеттік басқарудағы тың тәсілдің тиімділігі жайлы баяндады.
билікОның айтуынша, орталық атқарушы органдардың бірқатар қызметтері енді жергілікті атқарушы биліктің құзырына беріледі. Демек, бұрындары министрлікте ше-шілген мәселелер енді жергілікті әкімдердің билігінде болмақ.
– Бұл мемлекеттік басқарудағы тың әрі тиімді тәсіл болары сөзсіз. Оның үстіне бір қызмет бірқатар мемлекеттік органға бекітіледі, яғни қайталанған басқармалар саны азаяды. Заңнаманың барлық нормаларының орындалуына, бақылау сапасының төмендемеуін орталық мемлекеттік органдар қадағалайды. Сондай-ақ, өкілеттіліктің кеңейтілуі бұл штат санының еселенуі деген сөз. Қостанай облысында да мемлекеттік қызметкерлердің саны 150 адамға ұлғайтылады. Осының нәтижесінде ветеринария, ауыл шаруашылығы, әділет органы, табиғи ресурстар басқармасы, білім және денсаулық сақтау саласына қосымша міндеттер жүктеледі, – дейді облыс әкімінің орынбасары Е.Аман.
Сонымен қатар, аталған заң жобасы аясында әкімдіктер құрылымында жаңадан екі басқарма пайда болады. Ол сәулет және құрылысты бақылау және жер инспекциясы басқармасы. Ал, кадрларды оқыту және даярлау сынды ауқымды жұмыстарды алда әділет органдары атқаратын болады. Азаматтық жағдай жөніндегі актілерді тіркеу жұмысы да облысқа  берілді.
Облыс әкімі Н.Садуақасов та мемлекеттік басқаруға енгізілген жаңашылдықтардың жұмыс тәртібімен іске асуы қажеттігін, яғни қызмет көрсету сапасына кері әсерін тигізбеуі тиіс дегенді тілге тиек етті.
Қарлығаш
     ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓