АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2006 жылғы үлгідегі номиналдары 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге айналыстан алынған және одан кейінгі банкноттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарында мерзімсіз айырбастау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы 2021 жылғы 12 маусымнан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарымен 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңге айналыстан алынған және одан кейінгі банкноттарды Қазақстан Республикасында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының ақша белгілеріне мерзімсіз айырбастайтынын еске салады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы келесі мекен-жайда орналасқан:
Қостанай қаласы, Баймағамбетов көш., 195. Кассалардың жұмыс тәртібі – жұмыс күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10.