Қала ажарлана түсті

1413769245_vt6Күнделікті атқарылып жатқан қат-қабат жұмыстардың нәтижесінде Рудный қаласының келбеті барған сайын көркейіп, ажары айшықтала түсуде. Кеңінен құлашын жайған тұрғын үй құрылыстары, қала ішінде жаппай жаңартылып, жаңадан тартылған арықтар мен жақсартылып, күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан көшелер мен жаяу жолдар шаһарды шырайландырып, тұрғындар талғамын тап басуда. Айталық, жыл басынан бері "Октябрьдің 50 жылдығы", Корчагин және Ленин сияқты басты көше жолдары жөнделіп қана қоймай, жаңа аялдама, жарықтандыру жүйесі мен бағдаршамдар орнатылды. Әсіресе жаяу жолдардың қалпына келтіріліп, жиектеріне орындықтар қойылуы рудныйлықтарды шын қуантты. Жуырда жөндеу жұмыстарын өз көзімен көрген әкім Бақытжан Ғаязов қала құрылысындағы басты міндеттердің бірі тұрғындардың жүріп-тұруы үшін жайлы жағдай жасау, сондықтан да әрбір жұмыстың сапалы орындалуын үнемі назарда ұстайтындығын қадап айтқан болатын. Ендеше қазынадан бөлінген миллиардтаған теңгенің бір тиыны да желге ұшпай, өз орнымен жұмсалатынына біз бек сенімдіміз.
Қуаныш       
     ЕСҚАБЫЛ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓