Санақ басталды
Бүгін 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 10 жылда бір рет өткізілетін жалпыұлттық халық санағы басталды. Бұл жолғы санақтың ұраны «Қазақстанда әркім маңызды! Қазақстанда бәрі маңызды!». Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті басшысы Айбек Ғалымжанов кеңірек тоқталды.
321 мың санақ нысанында сұқбат алушылар мекенжай деректерін және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда тұратындардың саны нақтыланған. Елді мекендердегі тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімдері жасалыпты.
«Халық санағының негізгі кезеңінде интервьюерлерге біркелкі жүктеме беру үшін 1037 есептік және 148 нұсқаушы учаскелер қалыптастырылды. Аудандық және қалалық комиссиялармен келісілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жоспарлары әзірленді және бекітілді. Рұқсаттамаға сәйкес ұйымдастыру техникасы, 1300 дана планшет, интервьюердің атрибуты: портфель, шарф, куәлік, жеке қорғану құралдары, сондай-ақ кеңсе керек-жарақтары алынды және өңірлер бойынша бөлінді. Картографиялық материалдар (елді мекендердің сызба-жоспарлары, аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің схемалық карталары әзірленді. Кадрларды тарту үшін санақ персонал пұлы қалыптастырылады», – деді А.Ғалымжанов.
Халық санағының II кезеңіне 2-ші кезең нұсқаушы-бақылаушылары ретінде 148 адам тартылатын болады, жалақысы 125 мың теңге, 2-ші кезеңнің интервьюерлер саны – 1037 адам, олардың орташа жүктеме кезінде үй шаруашылығында 833 адамға сауал жүргізуіне байланысты жалақысы – 104 мың теңгені құрайтын болады.
«2021 жылғы халық санағының ерекшелігі заманауи технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру болмақ. 1 қыркүйек пен 15 қазанға дейін интернет-сауалнама басталады және мамандандырылған www.sanaq.gov.kz сайтына тәулік бойы қол жеткізу қамтамасыз етіледі, санақ жүргізу мүмкіндігі бар жерде өз бетінше толтыра алады. Азаматтар виртуалды көмекшінің көмегімен өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын онлайн режимде толтырып, санақтан өте алады. Сонымен қатар, Аitu қосымшасының көмегімен, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет сайтының басты бетінде, мамандандырылған сайтқа сілтеме жасалған sanaq.gov.kz сілтемесі бойынша санақтан өтуге және онлайн режимде санақ парақтарын толтыруға болады. Ағымдағы күнге авторландырудың 4 түрі іске асырылды: электрондық пошта (e-mail), телефон нөмірі бойынша, E-Gov порталы арқылы, Aitu қосымшасы арқылы», – деді департамент басшысы.
Халық санағын өткізудің ең ыңғайлы тәсілі – Aitu қосымшасын пайдалану, өйткені орналасқан жеріне қарамастан, азаматтар мобильді құрылғы арқылы өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын өз бетінше толтыра береді.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында өз бетінше санақтан өтпеген азаматтардан мәліметтер жинау үшін интервьюерлердің азаматтарды дәстүрлі аралауы жүргізілетін болады.
Интервьюердің өзімен бірге фотосуреті бар куәлігі, арнайы киім-кешек-санағының логотипі бар портфелі, планшеті, көк түсті шарфы болуы міндетті, интервьюерлер туралы деректер sanaq.gov.kz сайтында орналастырылған.
Интервьюерлер планшеттерді пайдаланатын болады, бұл адам факторының деректер сапасына ықпалын барынша азайтуға, анықтық деңгейін арттыруға, ақпараттық дерекқорларды өзектендіруге, сондай-ақ ақпараттың қайталануын болдырмауға көмектеседі, респондентті ЖСН бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Халық санағы кезінде жиналған деректер тексерілген, негізделген басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады, халықтың саны, жасы, гендерлік құрамы, урбандалу дәрежесі туралы аса маңызды талдамалық деректерді алуға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіштердің серпіні туралы ақпарат таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі сипаттамаларын перспективалық есептеу үшін негіз болатыны сөзсіз.