2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қостанай облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары: САЛЫСТЫРМАЛЫ МОНИТОРИНГ
Өнеркәсіп. 2014 жылғы қаңтар-қыр-күйекте облыс кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 389,7 млрд. теңгенің өнім-дерін өндірді (2013 жылғы қаңтар-қыр-күйек – 392,8 млрд. теңге). 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100,2% құрады.
Көлемнің өсімі сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 8,0%, өңдеу өнер-кәсібінде – 5,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 4,6% қамтамасыз етілді. Өндірістің төмендеуі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 4,4% байқалды.
Ауыл шаруашылығы. 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 147051,1 млн. теңге (ағымдағы бағаларда) болды немесе 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекке 100,6%, одан мал шаруашылығы – 57039,5 млн. теңге (104,2%), өсімдік шаруашылығы – 89441,8 млн. теңге (98,4%). Мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру тірі салмақта 73,0 мың тоннаны құрады (2013 жылғы қаңтар-қыркүйекке – 99,1%), сиыр сүті – 314,1 мың тонна (105,4%), тауық жұмыртқасы – 393,8 млн. дана (108,0%).
Инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар, бағалау есебімен, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 135,5 млрд. теңгені немесе 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекке 105,3%-ды құрады.
Құрылыс мердігерлерінің келісім шарт-тары бойынша бағалау есебімен, орындалған жұмыс пен қызметтер көлемі 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 66,2 млрд. теңгені немесе 2013 жылғы қаңтар-қыр-күйекке 104,4%-ды құрады.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 171000 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе 2013 жылғы қаңтар-қыр-күйекке – 114,1%.
Сауда. 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 139,0 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылғы қаңтар-қыр-күйек деңгейіне 121,5%.
Көлік. 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі автомобиль көлігімен тасымалданған жүктің көлемі 211,5 млн. тоннаны құрады немесе 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 100,3%. 2014 жылғы қаңтар-қыр-күйектегі жүк айналымы 7996,1 млн. ткм құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-қыр-күйектен 10,2%-ға артық.
Автожол көлігімен 1302,8 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 106,1%.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы қыркүйекте 2013 жыл-ғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,1% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 105,1%, азық-түлік емес тауар-ларға – 105,7%, ақылы қызметтерге – 104,6%.
Тұрмыс деңгейі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2014 жылғы қыркүйекте 18883 теңгені құрады, республика бойынша – 20321 теңге.
Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылғы тамызда 89733 теңгені құрады немесе 2013 жылғы сәйкес айға 109,1%. Инфляцияға түзетуді ескере отырып, нақты жалақы индексі көрсетілген кезеңде 103,1% құрады.
Еңбек нарығы. Облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 2014 жылғы тамызда 207,1 мың адам болды немесе 2013 жылғы тамызға 98,4% құрады.
2014 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарында экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі облыс бойынша 0,4%, республика бойынша – 0,6%.