Жалақы өседі, баға ше?

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілерге үндеу жасады. Министр Президенттің жалақыны өсіру туралы заңынан кейін бағаны көтермеуді сұрады, – деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. photo_215160Министрге еліміздегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттай ма, жоқ па деген сұрақ қойылды.
"Бизнесмендерімізге, ірі және ұсақ сауда желілеріне үндеу жасағым келеді. Біз жалақы өсті деп бағаны көтермеуіміз керек. (…) Жалпы экономикамыз өсті, бірақ әр адамның табысы өсті деп айта алмаймыз. Сондықтан қазір осындай шешім шығардық. Халықтың нақты табысы экономика өсіміне сәйкес болуы үшін осылай жасап жатырмыз", – деп түсіндірді Сүлейменов.
Министр кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, бағаны көтермейтініне сенетінін айтты.
"Біздің барлық кәсіпкерге өтініш, осы жақсы бір өзгерісті дұрыс қабылдаңыздар.. (…) Бағаны көтерудің қажеті жоқ", – деді ұлттық экономика министрі.
Сүлейменов уәкілетті органдардың баға өсімін қатаң қадағалайтынын ескертті.  Мұның алдына министр жалақының өсуі министрлер мен депутаттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓