COVID-19: +262
26 тамызда Қостанай облысында коронавирус 262 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 116, Рудный қ. – 36, Б.Майлин және Қостанай аудандарында – 17, Жітіқара қ. – 15, Әулиекөл ауданы – 13, Денисов және Қарабалық аудандарында – 9, Лисаков қ. – 7, Арқалық қ. – 6, Сарыкөл ауданы – 5, Федоров ауданы – 4, Алтынсарин және Мендықара аудандарында 3 – ден, Қарасу ауданы – 2.
245 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезд, 16 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 243 адамда ауру белгілері болды, 19 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 26 тамыз аралығында COVID-19-ды 27 676 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 24 669.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 292 300 адам, екінші компонентпен 235 096 адам вакциналанды.