Облыс әкімі Әулиекөлде
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақ басшысы әуелі Лаврентьев ауылындағы су тарату пунктін қарап шықты. Мұндай су таратқыш құрылғы ауданның көптеген ауылына орнатыған. Жалпы саны – 10.
Бұдан кейін Аманқарағай ауылындағы су құбырының құрылысымен танысты. Су құбыры құрылыстары кешенінің құрамына: сорғы станциясы, таза су резервуарлары және оларға арналған сүзгіш-жұтқыштар, суды зарарсыздандырудың жергілікті станциясы, алаңішілік желілер мен құрылыстар кіреді. Жобаның құны – 2,54 млрд теңге.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Аманқарағай ауылдық дәрігерлік амбулаторияның және Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің ғимаратын аралады.


Сапар соңында Құсмұрын кентіндегі «Южная» қазандығына барды. Жылу желілерінің ұзындығы – 9 373 м, бұл 550 абонентке қызмет көрсетеді. Ауыл жылыту маусымына толығымен дайын.
Өңір басшысы аудан әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.