Антирекорд: 297 адам індет жұқтырды

21 тамызда Қостанай облысында коронавирус 297 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 106, Жітіқара қ. – 17, Арқалық қ. – 27, Рудный қ. – 32, Әулиекөл ауданы – 20, Б.Майлин ауданы – 18, Лисаков қ. – 20, Федоров ауданы – 13, Қарасу, Ұзынкөл ауданы – 8, Денисов және Қарабалық аудандарында 7 – ден, Қарасу ауданы – 6, Алтынсарин ауданы – 5, Сарыкөл және Қамысты аудандарында 4 – ден, Науырзым ауданы – 3.
255 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 40 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 260 адамда ауру белгілері болды, 37 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 21 тамыз аралығында COVID-19-ды 26 317 адам жұқтырды.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 23 602.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 286 095 адам, екінші компонентпен 225 385 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓