Қостанайға – 142 жыл

Бүгін қостанайлықтар қала күнін тойлауда. Облыс орталығының негізі қаланғанына 142 жыл толып отыр. Тәуелсіз ел болғалы отыз жыл ішінде Қостанай қаласының келбеті өзгеріп, ауқымы кеңейді. Жүздеген ғимарат пен жаңа үйлер пайдалануға берілді. Алғашында Наурыз, Жаңа қала, бертінде Әуежай, Юбилейный, Алтын арман және тағы басқа да шағын аудандар пайда болды. Қазіргі таңда Қонай және Береке шағын аудандары бой көтеруде.
Осы отызда ашылған тарихи-мәдени маңызы зор нысандар мен ескерткіштер де Қостанайдың сәулетін келістіріп тұр. Қала орталығына 2000 жылы орнатылған Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін ерекшелеп айтсақ болады. Биіктігі 2 метр болатын ескерткіш мыстан жасалған. Өткен жылы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге де ескерткіш қойылды. Сонымен қатар, І.Омаров атындағы қазақ театрының жаңа ғимаратқа көшірілуі (2012), Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы мешіттің ашылуы (2016), Жастар сарайының салынуы (2019) қаланың ғана емес, облыстың мәдени, рухани өміріндегі елеулі оқиғалар екені даусыз.
Қостанай Тәуелсіздікке арналған бір көше, бір саябақ (Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауы) бар. Қала жетістіктерін толассыз тізе беруге болады…
Айта кетейік, қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар онлайн және оффлайн режимінде өтіп жатыр. Думан Тобыл жағалауындағы концерттік бағдарламалармен аяқталады. Толығырақ кейінірек ақпарат беріледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓