“Ұзақ өмір сүру өз қолыңызда!”

Аталмыш шара аясында қаламыздағы №1 емхана мамандары акцияға қатысушылардың қан қысымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтап, тұрғындарға тегін медициналық кеңес берді. Сондай-ақ, мамандар жиналғандарға ұзақ өмір сүрудің құпиясы туралы, салауатты өмір салтын ұстану мен таңғы жаттығудың да адам денсаулығын нығайтуға зор әсер ететіндігін айтып, салауатты өмірді насихаттаған тегін кітапшаларды таратты. Акция барысында қаламыздағы №122 орта мектеп оқушылары да белсенділік танытып, арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.
Қарлығаш
ОСПАНОВА
Акцияға қатысушылар