Бұрын бір мурал еді, енді екеу

Жақында Лисаков қаласының 6 шағын аудандағы үйдің қабырғасында жаңа арт-мурал пайда болды. Қала орталығында тоғыз қабатты үйдің бос қабырғасында бейнелеген бейне суретші Александр Романовтың қолынан шыққан.  
 Біз өткен нөмірде Лисаков қаласындағы 11 шағын ауданның 18-ші үйдің қабырғасында Лисаков қаласының 50 жылдығына сыйға тартқан кітап сөресі түріндегі муралдың қалай пайда болғаны туралы жазған едік. Газетіміздің бұл жолғы нөмірінде Александр Романовтың келесі қолтаңбасы жайында айтпақпыз.
  Қабырғадағы бейнеленген суреттен ҚР Мәжіліс депутаты, осы қаланың тумасы Альберт Павловичтің оқуға кеңес беретін шығармаларының атаулары мен авторларын көре аласыз. Баспасөз мәслихатында Александр Романов айтқандай, дәл осындай кітап шкафы Альберт Раудың пәтерінде – мурал пайда болған қабырға артында тұр. Айтпақшы, бұл бастама ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Лисаков қаласының 50 жылдығы аясында ғана емес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қала көркін көркейтуде.
  Лисаков қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Айман Қадырханованың айтуынша, «Көркейе бер, Қостанай!» жобасы аясында биыл кеншілер қаласында 56,6 миллион теңге сомасына он жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күні олардың төртеуі сәтті жүзеге асып, 7,6 млн теңге игерілді.
  «Дон Мар» ЖШС он аз қамтылған отбасы үшін газ жабдығын орнатуға төрт миллион теңгеге жуық қаражат бөлді. «Шағын және орта бизнесті дамытудың оңалту қоры» ҚҚ БЖСМ-нің алты тәрбиеленушісіне спорттық киім-кешек сатып алуға демеушілік жасаған. Бұл мақсаттарға 450 мың теңге бөлініпті.
  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» аясында «Өркен» ЖШС Лисаков арнайы мектеп-интернатына 500 мың теңге сомасына домбыра, гитара және спорт құралдарын (шаңғы таяқтары, чехтар, ракеткалар, доптар) сыйға тартты.
 Жаңа арт-муралды салуға «Арай-холдинг» ЖШС мұрындық болыпты. «Шағын және орта бизнесті дамытудың оңалту қоры» қоғамдық қорынан 3 млн 800 мың теңге қаражат бөлінді. Александр Романов 6 шағын аудандағы 43-ші үйдің қабырғасын безендірді. Жалпы, бұл шедеврді жасау үшін оған шамамен жиырма күндей уақыты кетіпті. Бес қабатты үйдің сыртында ерлік, батырлық, еркіндік, күш пен батылдық алып жүретін қалықтаған қыран бейнесі арқылы уақыт пен ұрпақтың байланысы айқын бейнеленген. Сондай-ақ, қала тұрғындарының рухын көтеру мақсатында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың Отанға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығы туралы айтқан нақыл сөзі келтірілген.

            Лисаков қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓