Қанмен берілген қабілет
Жангелдин ауданының тұрғыны Радик Ғизатуллиннің зергерлікпен айналысып келе жатқанына 30 жыл. Кәсібі де, нәсібі де осы. Ел-жұртына танымал, құрметті еткен де осы өнері. Шебер туралы аудандық "Біздің Торғай" газеті жазды.“Зергерлік әкем Заурбектен дарыған. Кезінде қолынан шыққан әрбір бұйымдарды көріп, қызығатынмын. Нағашыларым да шебер адамдар, – дейді Радик Ғизатуллин. – Ең алғаш зергерлік өнерді сақина жасаумен бастадым. Сақинаны Ақкөл ауылының зергері – Жармақ ұстаның үлгісі бойынша істегенім есімде. Оны арнайы анама жасаған едім. Кейін біртіндеп тапсырыстар түсе бастады".
Шебер барлық металл түрінен жүзік, алқа және білезікті ұлттық нақышқа келтіріп жасайды. Зергерлік өнерімен қоса жұртшылық оны таксист ретінде де таниды. Бұл да болса оның қосымша табыс көзі. Әйткенмен ол бойына қанмен берілген қабілетін дамытқысы келеді.
"Алдағы уақытта қайтарымсыз несие алып, кәсібімді одан әрі дамытсам деймін. Қолымнан шыққан әр туындым ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, мәңгі сақталса деп армандаймын", – дейді зергер.