Тойды тарқатса да…

Облыста мониторингтік топтар демалыс күндері бірқатар  көпшілік іс-шаралардың өткізілуін тоқтатты деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
«Салтанатты іс-шараларды өткізудің 9 фактісін анықтады: оның бесеуі 5 үйлену тойы және 4 туған күніне байланысты банкет, қонақтар саны көп» делінген баспасөз парақшасында.
Тобыл өңірі коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта орналасқанына қарамастан, аймақта карантин режимін бұзу фактілері тыйылмай тұр. Демалыс күндері Аманкелді ауданының Есір ауылында үйлену тойына 100-ден астам адам жиналды. Ал осы ауданның Аманкелді ауылында 30 қонақтың қатысуымен той өткізілді. Жітіқара қаласында дәмханада 35-тен астам қонақ үйлену тойын тойлады. Қалған фактілер аймақтың Әулиекөл, Науырзым аудандарында, Рудный және Қостанай қалаларында анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша материалдар Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды
Жыл басынан мониторингтік топтар 10 927 рейдтік іс-шара өткізіп, 872 карантиндік шараларды бұзушылықты анықтады.
Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, жергілікті билік коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын орындарға және жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓