257 адам ауырды
10 тамызда Қостанай облысында коронавирус 257 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 73, Рудный қ. – 42, Арқалық қ. – 32, Әулиекөл ауданы – 21, Лисаков қ. – 20, Қостанай ауданы – 15, Денисов ауданы – 12, Қарабалық ауданы – 9, Жітіқара қаласы және Мендықара аудандарында 8 – ден, Ұзынкөл ауданы – 5, Алтынсарин, Жангелді және Қамысты аудандарында – 4.
221 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 33 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 222 адамда ауру белгілері болды, 35 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 10 тамыз аралығында COVID-19-ды 23 320 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 20 803.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 266 673 адам, екінші компонентпен 203 576 адам вакциналанды.